Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының алғашқы турында Коста-Риканы 6:1 есебімен еш қиындықсыз ұтты.
Бірінші таймнан кейін Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен алға шықты. 10-минутта Шыңғыс Есенаманов есеп ашты, ал 12-минутта Дәурен Тұрсағұлов көзге түсті. Көп ұзамай Пабло Родригес жауапты голды соқты. Бірақ содан кейін Қазақстан құрамасы үш минут ішінде тағы екі гол соқты. Гол авторлары Дуглас Жуниор (14') мен Тайнан (17')
Екінші таймда Қазақстан құрамасы тағы екі гол соғып, ірі есеп тіркеді. Алдымен Біржан Оразов командасының бесінші голын соғып еді, содан кейін Тайнан дубль жасап, матчтың нүктесін қойды.
Қазақстан Коста-Рика 6:1
Голдар: Есенаманов 10 (1:0), Тұрсағұлов 11 (2:0), Родригес 12 (2:1), Дуглас 14 (3:1), Тайнан 17 (4:1), Оразов 27 (5:1), Тайнан 27 (6:1).
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы тағы екі кездесу өткізеді. 15 қыркүйекте Литвамен және 18 қыркүйекте Венесуэламен күш сынасады.
Ермұхамед Мәулен