Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жалғыз жолдамасына таласады

362

Футзалдан Қазақстан құрамасы Астана – Мәскеу – Ереван бағыты арқылы Арменияға ұшып барды.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жалғыз жолдамасына таласады Фото: kff.kz

Қазақстан мен Армения құрамалары Еуропа чемпионатының іріктеу аясында небәрі екі рет кездесіп, екі ретте де жеңімпазды анықтай алмаған. Алғаш рет сонау 2004 жылы іріктеуде 2:2 есебімен тарқасты, екінші тең кездесу өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде тіркелді – 4:4.

2026 жылы Латвия мен Литва елдерінде өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алу үшін Қазақстан құрамасына Армениямен өтетін ойында 3 ұпай ауадай қажет. Топтық кезеңде екінші орын алған құрама 2025 жылдың қыркүйек айында өтетін өтпелі ойындары арқылы бақ сынап, жолдамаға таласады.

Армения – Қазақстан матчы 12 наурыз күні Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ойынды Армения футбол федерациясы Техникалық орталығының академиясы қабылдайды.

Тікелей көрсетілімді "Qazsport" телеарнасы ұсынады. Кездесудің төрешілері де белгілі. Бас төреші – Максимилиан Алькофер, екінші төреші – Свен Шрайбер (екеуі де – Германия). Үшінші төреші словакиялық Петер Будак.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде 3-орында тұр. Ал Армения құрамасы бұл рейтингте 17-орынға жайғасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу