Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияға жол берді

420

Жолдама тағдыры екі матчтың қорытындысынан кейін белгілі болады. Сондықтан футзалшыларымыздың жеңіске әлі де мүмкіндігі бар. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияға жол берді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2026 чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф сатысындағы алғашқы ойынында Италия құрамасынан жеңіліс тапты. Кездесу Италияның Фазано қаласында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Ойын барысында 15-минутта Джованни Пульвиренти есеп ашты, ал 29-минутта Жулио Де Оливейра Италия құрамасының басымдығын арттырды. Қазақстан құрамасы 32-минутта Шыңғыс Есенамановтың соққан голының арқасында есеп айырмасын қысқартып, 23 қыркүйекте Астанада өтетін қарымта ойында нәтижені өзгерту мүмкіндігін сақтап қалды.

Айта кету қажет, Қазақстан құрамасы бірнеше рет есепті теңестіруге мүмкіндік алғанымен, шешуші сәттерде Италия құрамасының қақпашысы Юрий Беллобуоно сенімді ойын көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, шабуылдағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану екі ойын қорытындысында қазақстандық құрамаға артықшылық әкелуі мүмкін.

Плей-офф кезеңіне іріктеу сатысындағы топтарда екінші орын алған сегіз команда жолдама алды. Қос кездесу қорытындысы бойынша Еуро-2026 чемпионатының финалдық кезеңіне соңғы төрт жолдама сарапқа салынатын болады.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2026 жылғы 20 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Словения, Латвия және Литва елдерінде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу