Футзалдан Қазақстан құрамасы Израильді жеңді

1267

Қазақстан құрамасы келесі кездесуді 11-сәуір күні өткізеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Израильді жеңді

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің кезекті ойынын Израильмен өткізді. Матч елордадағы "Сайран Арена" спорт кешенінде өтті.

Кездесуде есепті Тайнан ашты. Әрі қарай Нұрбек Қарағұловтың тепкен добынан кейін Эвиатар Барухян өз қақпасына гол соғып алды. Үзіліске дейін Жомарт Тоқаев үшінші голды соқты. Екінші таймда Тайнан есепті 4:0-ге жеткізді. Кездесу соңына қарай Израиль құрамасының ойыншысы Тамир Школьник есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп - 1:4. Келесі кездесуді Қазақстан құрамасы 11-сәуірде өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы ойында футзалдан Қазақстан құрамасы Венгрияда өткен ойында қарсыластарын 6:1 есебімен жеңген болатын. Кака шәкірттері төрт ойында төрт рет жеңіске жетіп, 2022-жылғы Еуропа Чемпионатының жолдамасын жеңіп алды. Еуропа додасы 2022-жылдың 19-қаңтары мен 6-ақпаны аралығында Нидерландыда өтеді. 

Израиль - Қазақстан - 1:4 (0:3)

Голдар: Школьник 37 - Тайнан 16, 23, Барухян автогол 18, Тоқаев 20

Қазақстан: Игита (Қ) (К), Тайнан, Ақбалықов, Есенаманов, Тұрсағұлов – Байдулла (Қ), Қарағұлов, Сағындықов, Валиуллин, Тоқаев, Кнауб, Досов, Балтабаев, Карбаев;

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу