Бухарестте өткен элиталық раундтың A тобындағы кездесу 2:0 есебімен Рикардо Кака шәкірттерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Бірінші таймда, яғни сегізінші минутта Шыңғыс Есенаманов бірінші голды соқты. Матчтың екінші бөлігінде Біржан Оразов (26 минут) ойынның нүктесін қойды. Бұл кездесудің турнирлік маңызы болмады. Өйткені Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Кака командасы элиталық раундта 100% нәтиже көрсетіп, мүмкін болатын 18 ұпайдың 18-ін жинады. Қазақстан Бухаресттегі жеңісінен бөлек, Нидерланды (2:0, 2:0) мен Әзірбайжанды (4:2, 3:2) екі рет ұтты, сонымен қатар өз алаңында Румынияны (4:3) да тізе бүктірді.
Айта кетейік, элиталық раундтың бес тобының жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей өтеді. Ал төрт үздік екінші орын иегерлері плей-офф кезеңінде ойнайды. Олардың жеребе тарту рәсімі 2024 жылдың 25 қаңтарында, ал әлем чемпионатындағы қалған екі орын үшін матчтар 8-17 сәуір аралығында өтеді.