Хошиминде Вьетнам мен Қазақстан құрамалары арасындағы футзалдан алғашқы жолдастық матч аяқталды. Ойын 4:1 есебімен Вьетнам құрамасының пайдасына шешілді.
Бірінші таймның басталғанына 15 минут өткенде, алаң иелері Игитаның қақпаны бос қалдырғанын пайдаланып, есеп ашты. Алайда екінші таймының аяқталуына 8 минут қалғанда қазақстандықтар есепті теңестірді. Гол авторы – Ержан Карменов.
Бірақ бұл соңғы нәтиже болмады. Ойынның аяқталуына шамамен 83 секунд қалғанда алаң иелері тағы бір гол соғып, алға шықты. Жарты минут өткен соң Вьетнам футболшылары өз алаңынан бос қақпаға тағы бір гол соқты.
Қазақстан құрамасы шабуылды жалғастырып, соңғы 9 секунд қалғанда тағы бір гол жіберіп алды. Есеп 4:1, Вьетнам құрамасының ірі жеңісімен аяқталды.