Футзалдан Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды

638

2024 жылғы Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің ойын кестесі жарияланды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы А тобында Нидерланд, Румыния және Әзербайжанмен бір топқа түскен еді. 15 қыркүйекте Пауло Рикардо Кака шәкірттері Нидерландымен сырт алаңда ойнайды. Бес күннен кейін Қазақстан Румынияны қабылдаса, 6 қазанда сырт алаңда Әзірбайжан құрамасымен кездессе, 11 қазанда өз алаңында Әзірбайжанды қабылдайды. 14 желтоқсанда Қазақстан құрамасы өз алаңында Нидерландымен ойнаса, элиталық раундтың финалдық ойыны 20 желтоқсанда Румынияда өтеді.

Топ жеңімпазы Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған командалар 2024 жылдың сәуірінде өтетін өтпелі ойындарға қатысады. 2024 жылғы Әлем чемпионатын Өзбекстан қабылдайды.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны да белгілі болды. 5 шілдеде Futsalworldranking.com 2023 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша футзалдан ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингінің кезекті нұсқасын жариялады. Қазақстан құрамасы 1560 ұпаймен жетінші орынға жайғасты. Ал Бразилия құрамасы (1819 ұпай) көшбасшылығын сақтап қалды.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын Рикардо Кака жаттықтырады. Таяуда бас бапкерімен жаңа келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін ұзартылды. Рикардо Кака 2018 жылдан бастап Қазақстан құрамасын жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен біздің құрама 2021 жылы өткен Әлем чемпионатында төртінші орын алды. Бұл төрткүл дүние додасындағы ең үлкен жетістігіміз саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу