Футзалдан Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді

281

Ұлттық құрама капитаны Лео Игита Данияға ұшар алдында тамақтан уланып, бүгінгі матчта командамызға көмектесе алмады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді Фото: kff.kz

Сеннерборг қаласында футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Дания мен Қазақстан құрамалары арасында өткен матч сенсациямен аяқталды. Қазақстан құрамасы күтпеген жерден 2:3 есебімен жеңіліс тапты.

Барлық голдар кездесудің екінші жартысында соғылды. 26-минутта алаң иелері Адам Фогттың голының арқасында алға шықты. Бірақ, 30-минутта қазақстандықтар Нарун Серіковтың күшімен есепті теңестірді. 34-минутта Мұхаммед Юссеф көзге түсті. Ал 38-минутта сол Юссеф дубль жасап, есепті еселей түсті.

Ойынның аяқталуына бірнеше секунд қалғанда, Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартып, 40-минутта Дәурен Тұрсағұлов мергендік танытты.

Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орында қалды. Енді командамыз топ көшбасшысы Армениядан (7 ұпай) үш ұпайға артта келеді. Ал, Дания құрамасы алғашқы үш ұпайын жинап, Албаниямен теңесті.

Айта кетейік, Лео Игитаның 5 ақпан күні өз алаңымызда өтетін матчта ойнауы екіталай. Сол күні Қазақстан құрамасы Данияны қабылдайды. Матч Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу