Какау Қазақстан футзал құрамасына қайта оралды

617

Рикардо Камара Собрал (Какау – лақап аты) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Какау Қазақстан футзал құрамасына қайта оралды Фото: kff.kz

54 жастағы маман отандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс.

Ол бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында футзалдан Қазақстан құрамасын баптады.

Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жетті.

Какау клубтық деңгейде алматылық "Қайратта" сәтті жұмыс істеді. 2013 және 2015 жылдары футзалдан UEFA Кубогын иеленді.

Бұған қоса, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алды.

Кейін Какау Италияның "Наполи", Румынияның "Юнайтед Галати", Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу