Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа тізімі жария болды

Ел құрамасы қыркүйек айында жауапты 2 кездесу өткізеді.  

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа тізімі жария болды Фото: kff.kz

Бұл ойындар – Еуропа чемпионаты-2026 турниріне жолдама беретін шешуші әрі өте жауапты матч, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Италияға қарсы өтетін шешуші матчқа шақырылған ойыншылардың тізімін жариялап отыр. 

Қақпашылар: Лео Игита, Қанат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов. 

Ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Дамир Қайырбай, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин, Ержан Қарменов, Әбдірасыл Әбдуманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықов, Владислав Черномордов. 

Қазақстан құрамасы әуелі Италиямен 18 қыркүйек күні 23:00-де (Астана уақыты) кездеседі. Ойын "PalaSport" аренасында өтеді. 
Ал екінші ойын 23 қыркүйек күні Астанадағы 19:30-де Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғаспақ. 

Еске салайық, қос кездесу де Еуропа чемпионаты-2026 турниріне жолдама беретін шешуші кезең саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу