Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында ірі жеңіліске ұшырады

371

Қыздарымыз 2025 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Нидерландыға қарсы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында ірі жеңіліске ұшырады Фото: kff.kz

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 0:6 есебімен жеңіліс тапты.

Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы келесі кездесуін Астанадағы "Сайран Аренада" Польша құрамасына қарсы өткізеді.

Ойын 19 қазанда Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.

Айта кетейік, 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Филиппинде 21 қараша мен 7 желтоқсан аралығында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу