Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді. Кездесу барысында ел құрамасынан Біржан Оразов, Дәурен Тұрсагұлов және Ақжол Дәрібайдың тепкен доптары қақпаға дәл тиді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша қазақстандық футзалшылар 3:0 есебімен басым түсті.
Енді екі құрама 24 тамызда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталды. Футболшыларды бабына келтіру процесін қамтитын бірінші кезең 18 тамызға дейін жалғасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу