Ғабидолла Әбдірахымов Лондонға не үшін барды?

3976

Шымкент – ЕҚДБ-ның қалаларды тұрақты дамыту жөніндегі "Жасыл қалалар" бағдарламасына қосылған 31-қала.  

Ғабидолла Әбдірахымов Лондонға не үшін барды?

Жақында Шымкент Еуропалық Қайта құру және даму банкінің 1,11 млрд доллар мөлшеріндегі қалаларды тұрақты дамыту бағдарламасына қосылған 31-қала болды, деп хабарлайды  mfa.gov.kz.

Бағдарлама  экологиялық ресурстарды сақтау, ресурстарды тұрақты пайдалану, климаттың өзгеру тәуекелін жеңілдету мен бейімделу және экологиялық саясат әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатқа көмектесуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі күні осы мақсатқа 278 млн доллардан астам қаражат жұмылдырылған, деп хабаралайды Ebrdgreencities.com.

Бағдарламаға қосылу Шымкентке ЕҚДБ-ның қалалар мен олардың тұрғындары үшін жақсы және тұрақты келешек құруға арналған жобаларға қаржылық қолдауын алуға мүмкіндік береді.

Банк негізгі басымдықтарды анықтап, Шымкенттегі экологиялық мәселелерді инфрақұрылым инвестициялары және саяси шаралармен байланыстырады. Сондай-ақ ол "Жасыл қала" жоспарының жүзеге асуын қолдайды. 

Энергия сақтайтын шам мен ағын суды тазалау бойынша жобалар 22 шілдеде Лондон қаласында талқыланды. Кездесуде Шымкенттің бұрынғы әкімі Шымкент қаласын ЕБРР бағдарламасына қосты. Егер де ағын суды тазалау жобасы Шымкент қаласында енгізілсе, Қазақстанның басқа да қалаларында осындай жобаны іске асыруға болады.

Сондай-ақ Ғабидолла Әбдірахымов ынтымақтастықты және қала, оның туристік жоғары әлеуетін, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібін талқылауды жалғастыру үшін банк өкілдерін Шымкент қаласына шақырды. Сонымен қатар ол Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысовпен, студенттерді ақпараттық технологиялар және сәулет, дизайн, қонақүй менеджментіне оқытатын Шымкенттегі жаңа университеттің жобасын талқылау үшін Ұлыбританиядағы серіктеспен кездесті.

ЕҚДБ-ның бағдарламасын қосылған басқа қалалар ішінде Амман, Минск, Белград, Душанбе, Сараево және Ұлан-Батыр бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу