Гагарин Кубогінің плей-офф кезеңі виртуалды өтуде

2010

Коронавирус пандемиясына байланысты Құрлықтық хоккей лигасының маусымы мерзімінен бұрын аяқталып, ҚХЛ басшылығы Гагарин Кубогының қалған ойындарын виртуалды өткізетінін хабарлады.

Гагарин Кубогінің плей-офф кезеңі виртуалды өтуде

Виртуалды плей-офф кезеңі 27-наурыз басталып, ширек финалға жолдама алған жұптар бұрынғысынша қалды: "Барыс" - "Сібір", "Ак Барс"- "Салават-Юлаев", "ЦСКА-"Динамо", "СКА" - "Йокерит".

ҚХЛ баспасөз қызметінің хабарлауынша әр ойын күні лиганың әлеуметтік желілерінде плей-оффтың виртуалды матчтары дауыс беру түрінде өткізіледі. Сайыста ең көп дауыс жинаған команда жеңіске жетіп, екі жұп арасындағы талас нағыз плей-оффтағыдай, әр серия төрт жеңіске дейін өтеді. Әрбір матчтың ұзақтығы 12 сағат. Яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша күндізгі сағат 11:00-ден 23:00 аралығында дауыс беруге мүмкіндік бар.  Тақ күндері "Барыс" - "Сібір" және "СКА" - "Йокерит", ал жұп күндері "Ак Барс"- "Салават-Юлаев", "ЦСКА-"Динамо" (Мәскеу) командаларына дауыс беруге болады. Ал, "Барыс" - "Сібір" жұбының жеңімпазы Шығыс конференциясының финалында "Ак Барс" – "Салават Юлаев" жұбының жеңімпазына қарсы кездесу өткізеді.

Әлеуметтік желіде дауыс беру алғаш рет 27 наурыз күні "Ак Барс" – "Салават Юлаев" және "ЦСКА" – "Динамо" арасында өтті. СЮ 53950, ал "Ак Барс" 47769 дауыс жинады. Сондай-ақ мәскеуліктер арасындағы сында "ЦСКА" 36967 ұпаймен 32230 ұпай жинаған "Динамодан" басым түсті.

28-наурыз күні қалған екі жұпқа дауыс беру өтті. "Барыс" пен "Сібір" жанкүйерлері арасындағы сайыста қазақстандық клуб әлеуметтік желілерде дауыс беруді талапқа сай өткізбегені үшін елордалық командадан 50 пайыз дауыс алынып тасталды. Нәтижесінде әділ түрде 51845 дауыс жинаған "Сібір" 43520 ұпай жинаған "Барысты" жеңді. Сонымен қатар 62123 ұпаймен хельсинкилік "Йокерит" әзірге ең көп ұпай жинаған команда болып тұр. Оның қарсыласы Санк-Петербург қаласының хоккей клубы "СКА" 39271 дауысқа ғана ие болып, қарсыласына ұтылды. Енді "Барыс"-"Сібір" арасында сериядағы екінші кездесуге дауыс беру бүгін, 30-наурыз өтеді.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу