Гагарин Кубогінің виртуалды сайысының алғашқы финалисті анықталды

1992

Уфалық "Салават Юлаев" хоккей клубы Гагарин Кубогінің виртуалды сайысының алғашқы финалисті атанды.

Гагарин Кубогінің виртуалды сайысының алғашқы финалисті анықталды

Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында Құрлықтық Хоккей Лигасы мерзімінен бұрын аяқталғаннан кейін Лиганың басты сайысының жеңімпазын анықтау үшін ҚХЛ басшылығы виртуалды сайыс өткізу туралы шешім қабылдаған еді. Бұл жарыс клубтар емес, оның жанкүйерлері арасында өтті. Олар әлеуметтік желілерде командаларға дауыс берді. Виртуалды жарыс Гагарин Кубогінің ¼ финалына шыққан командалар арасында өтті.

Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы да ширек финалға жолдама алғандықтан, виртуалды сайыста бағын сынап көрді. Алайда, елордалық команда сериядағы төрт ойында да "Сібірге" ұтылды. Төрт ойынның екеуінде заңсыз дауыс жинады деген ұйымдастыру комитеті "Барыстың" 50% дауысын қысқартып тастады.
Ал Шығыс Конференциясының төрт кездесуінде "Салават Юлаев" "Сібірді" жеңіп, витруалды сайыстың алғашқы финалисті атанды. Енді уфалық команданың келесі қарсыласы бүгін анықталады. 13-сәуір күнгі сайыста бақ сынайтын жұп – мәскеулік "Динамо" және финляндиялық "Йокерит". Әзірге екі команда арасында финляндиялықтар басым тұр. Сериядағы есеп 3-0.

"Барыс" Гагарин Кубогінің ойындарына 16-наурыз күні, яғни ширек финалдың алғашқы "Сібірге" қарсы ойынына бір күн қалғанда қатыспайтыны жайлы мәлімдеді. Оған дейін финляндиялық "Йокерит" те жарыстан шығатынын мәлімдеген. Нәтижесінде, 17-наурыз күні Құрлықтық Хоккей Лигасының басшылығы ойындарды 10-сәуірге дейін тоқтату туралы шешім шығарды. Ал бір апта өткен соң маусымды уақытынан бұрын аяқтайтыны туралы хабарлады.

Сонымен, бүгін әлеуметтік желілерде сағат 23:00-ге дейін мәскеулік "Динамо" және финляндиялық "Йокерит" командаларына дауыс беру өтуде. Аталған жұп арасынан ең көп ұпай жинаған команда "Салават Юлаевпен" виртуалды сайысқа түседі. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу