Америкалық SETI институтының зерттеушілері өзге ғаламшарлық өркениеттердің белгілерін анықтаудың жаңа стратегиясын әзірледі. Доктор Льюис Пино бастаған топ Айда бұрын болуы мүмкін технологиялардың белгілерін іздеуді көздеп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.
Ғалымдардың пікірінше, бұл зерттеу ай топырағында осындай "техносигнатуралардың" жиналуы мүмкін бе деген мәселені алғаш рет көтереді.
"Айда Жермен салыстарғанда атмосфера, су жоқ және онда геологиялық белсенділік байқалмайды. Ай беті миллиардтаған жыл бойы ғарыштан түсетін шаң мен басқа да бөлшектерді жинап келді. Егер бұрын технологиялық тұрғыдан дамыған өркениеттер болса, онда олардың технологияларының кішкентай сынықтары немесе іздері ай топырағында сақталуы мүмкін", – делінген ақпаратта.
SETI аббревиатурасы (Search for Extraterrestrial Intelligence) – өзге ғаламшарлық өмірдің белгілерін іздеуге бағытталған ғылыми ізденістердің жалпы атауы. Ғалымдар қуатты радиотелескоптардың көмегімен ғарышты зерттейді. Оның тәртібін айқындайтын ғылыми ережелер мен халықаралық қағидаттар бар. SETI онжылдықтар бойы жүргізілген жұмыстарға қарамастан, осы уақытқа дейін өзге ғаламшарлық өркениеттің бар екенін дәлелдейтін ешқандай айғақ таппады.