Ғалымдар бұрын-соңды болмаған металл түрін жасап шығарды

Мұндай металл жасау бұған дейін "мүмкін емес" деп бағаланып келген.  

Ғалымдар бұрын-соңды болмаған металл түрін жасап шығарды Фото: БКС Экспресс

Оңтүстік Кореяның Поханг ғылым және технология университетінің ғалымдары материалтану саласында ерекше жетістікке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Олар 196 градус Цельсийден 600 градус Цельсийге дейінгі температурада өз қасиетін сақтайтын қорытпаны ойлап тапқан. 

Жаңа жоғары энтропиялық никель негізіндегі қорытпаға "гиперадаптер" деген атау берді. Металдың басты ерекшелігі – температураның кез келген өзгерісінде механикалық қасиетінің тұрақтылығы, өзгеріссіздігі. Бұл бұрын "металл материалдар үшін мүмкін емес" деп саналған-ды. 

Бұл қасиеттердің құпиясы – қорытпаның бойына біркелкі таралған L1₂ нано өлшемді бөлшектер. Аталған микроскопиялық элементтер арматура ретінде әрекет етеді және деформацияны болдырмайды. Сонымен қатар, материалдың ішкі құрылымы сыртқы жағдайларға қарамастан жүктемелерге бейімделе алады, өз қалпын сақтайды. 

Бұл инновацияны температураның ауытқуы болатын аймақтарда қолдануға мүмкіндік бар. Яғни, ғарыштық зымырандар, реактивті қозғалтқыштар, автомобильдің газ шығару жүйелері, қуат турбиналары және өнеркәсіптік құбырлар саласында гиперадаптердің маңыздылығы бірден байқалмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу