Бұл кезең ең агрессивті және қатерлі саналатын KRAS-мутациялы ісіктерімен күресте препараттың тиімділігін дәлелдеуі керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жануарларға жасалған клиникаға дейінгі сәтті зерттеулерден кейін құрама препараттың екінші компонентінің жаңа, адам ағзасы ең бір шегінде көтере алатын көбірек дозасын қолдануға рұқсат алынды, ол анағұрлым тиімді болады деп болжанып отыр.
"Біз бұл препаратты стандартты химиялық терапияның алдында қолданамыз деген маңызды шешімге келдік. Бұған дейін оны пациенттер физикалық тұрғыдан әлсіреген кезде, яғни стандартты химиялық терапияның бірнеше кезеңінен кейін қолданатын едік. Жаңа тәсіл арқылы препараттың ісіктер мен метастаздарға тікелей әсерін, сондай-ақ препаратты адам ағзасының қаншалықты көтере алатынын анықтай аламыз. Бұл – біз үшін стратегиялық шешім, өйткені препараттың тиімділігін анықтаудың ең өз мақсатына сай келетін тәсілі осы", – деп атап өтті Дос Сарбасов.