Ғалымжан Кенжебек ресми Ресей чемпионатына ауысты

278

Отандасымыз грозныйлық клуб сапын толықтырды.

Ғалымжан Кенжебек ресми Ресей чемпионатына ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек грозныйлық "Ахмат" клубының ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды. Футболшы медициналық тексерістен сәтті өтіп, бүгін грозныйлық клубпен келісімшартқа қол қойды. Келісім 4,5 жылға есептелген.

Ғалымжан Кенжебек шабуылға бейім жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетеді. Оның соңғы клубы семейлік "Елімай" болды. 22 жастағы ойыншы мансабында "Жеңіс", "Мақтаарал", "Қайрат", сондай-ақ словакиялық "Кошице" мен кипрлік "Акритас Хлоракас" клубтарында ойнаған. 

Осылайша, Ғалымжан Кенжебек Ресей клубы сапындағы Қазақстан құрамасының екінші футболшысы атанды. Қазіргі таңда "Ахмат" құрамында Максим Самородов та өнер көрсетіп жүр.

"Ахматты" Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады. Ресей Премьер-лигасының 18 турынан кейін грозныйлық ұжым 16 команданың ішінде 8-орында келеді.

Ресей чемпионаты қысқы үзілісте. Турнир наурыз айының басында қайта жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу