Ғарышкер команда Астана тағы да ұшуға дайын

2287

Футболдан Еуропа лигасының алғашқы топтық кезеңінің аяқталуына небәрі екі-ақ тур қалды. Ал еліміздің беткеұстар командасы саналатын Астана футбол клубы болса, бұл жолы да үмітті ақтамады. "В" тобындағы төрт ойында екі рет ұтылып,екеуінде тең түсті. Осылайша, небәрі екі ұпаймен соңғы орында қалып келеді. Енді қалған екі турда кереметтей жеңіске жетіп, оп-оңай алты ұпай еншілейді дегенге ешкім сене қоймас.

Ғарышкер команда Астана тағы да ұшуға дайын

Оның үстіне, 24 қарашада өз алаңымызда біздің топта көш бастап тұрған кипрлік АПОЭЛ-мен және 8 желтоқсанда швейцарлық Янг Бойз командасымен сырт алаңда күш сынасады. Тіпті осы екі ойында да жеңіске жеткеннің өзінде, келесі кезеңге өте алмайтыны түсінікті.

Өйткені, топ басындағы АПОЭЛ мен Олимпиакосқа соңғы екі турда бір-бір ұпай алса жеткілікті. Ал мұндай мүмкіндік болса, ол Янг Бойз командасында ғана бар. Яғни, соңғы екі ойында да ұтып жатса, жалпы 10 ұпай еншілейді. Оның өзінде алдыңғы екі команданың бірі екі ойнында жеңіліс тауып жатса ғана, швейцариялық клубтың келесі раундқа шығу мүмкіндігі болады.

Ал өз алаңында жап-жақсы ойын көрсететін Станимир Стойловтың командасына сырт алаңда қалай ойнау керектігі жөнінде психологиялық тұрғыда үлкен көмек қажет боп тұр. Әйтпесе салбырап соңғы орындардан көз ашпай, кез келген турнирден ұшып кетіп жүреміз.

Енді турнир кестесіне үңіліп көрейік:

Еуропа лигасы -2016-2017. В тобы

Орын Команда       Ойын  Ұтыс  Тең Жеңіліс Голдар  Ұпай

"АПОЭЛ"       4      3      0    1      5-4      9
"Олимпиакос"   4      2      1    1      6-3      7
"Янг Бойз"      4      1      1    2      3-3      4
"Астана"        4      0      2    2      3-7      2  

Жанат Қабылдаұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу