The Jerusalem Post басылымының жазуынша, бұл әлемдегі теңдесі жоқ лазерлік қару саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің сөзінше, әлемде ғарыштан соққы жасау мүмкіндігіне ешқандай мемлекет ие емес. Ал Израиль тұңғыштар тізімін толықтырғысы келеді.
– Бұл міндетті жүзеге асыру үшін біз ең үздік мамандарды тартып жатырмыз және осы салада әлемдік көшбасшы болуды мақсат етіп отырмыз. Егер бұған қол жеткізсек, бұл тежеу әлеуетімізді күшейтіп, қомақты ресурстары бар қарсыластарымызға қарсы соққы жасауға, нысаналарды жоюға және басқа да міндеттерді орындауға мүмкіндік береді, – деді Исраэль Кац.
Негізінен, Израиль – қазірдің өзінде жер-жаһандағы лазерлік технологиялар саласындағы жетекші елдердің бірі. Мұнда Iron Beam деп аталатын жерүсті лазерлік әуе қорғанысы жүйесі жасалған. Қуаты 100 киловатт болатын бұл кешен әлемдегі алғашқы жоғары энергиялы жұмыс істейтін лазерлік әуе қорғаныс жүйесі ретінде бағаланған.
Осыған дейін Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі ұзындығы 200 метрден асатын жерасты туннелін жойып жіберген еді. Израиль тарапы ол жерде көптеген қару-жарақ сақталып, зымыран ұшыру қондырғылары орналасқанын да қосымша мәлім етті.