GASENERGY автожанармай құю станциясында Burger King-тің 60-шы мейрамханасы ашылды.

Қазақстанның 16 қаласында жұмыс істейтін жылдам тамақтану мейрамханалар желісі үшін бұл елдегі қамту аймағын кеңейтудің кезекті қадамы. Ал GASENERGY үшін – бұл көлікке жанармай құю аялдаудың себептерінің бірі болатын жаңа форматты әрі қарай дамыту.

Бүгінде кешен аумағында көлікке жанармай құйып қана қоймай, кофе, хот-дог, пицца немесе жаңа пісірілген тағамдар алып, азық-түлік пен жолға қажетті заттарды сатып алуға болады. Балалармен жолға шыққандар үшін ойын аймағы, ал электромобиль иелері үшін қуаттау станциясы қарастырылған. Енді бұл тізімге Burger King те қосылды, мұнда тамақты іште отырып жеуге де, тапсырысты өзіңмен бірге алып кетуге де болады.

"Бұл – екі ірі брендтің бір-бірін толықтыра отырып, клиенттер үшін қолайлы тәжірибе қалыптастыруының жарқын үлгісі. Әрқайсымыздың өз өніміміз бен аудиториямыз бар, ал бірлескен жұмыс арқылы бір аялдама шеңберінде адамдарға көп мүмкіндік ұсына аламыз", – деп атап өтті PetroRetail компаниясының жанама бизнес және маркетинг жөніндегі директоры Рамис Джайлибаев.
Burger King-пен серіктестік GASENERGY компаниясының автожанармай құю станцияларындағы қосымша сервистерді дамыту стратегиясына сай келеді.

Желі станцияларында жанармайдан бөлек, киім-кешек, ойыншықтар мен автотауарларды қамтитын тауарлардың кең ассортименті ұсынылған.

"60 – бұл шынымен де мақтануға тұрарлық көрсеткіш. Өйткені бұл санның артында адамдар тұр. Олар жаңа орындарды іздейді, құрылыс жүргізеді, қызметкерлерді жұмысқа алып, оқытады, мейрамханаларды іске қосады. Таңертең "Біз ашылдық!" деп айту үшін ашылу қарсаңында кешке дейін қалады. Әрбір жаңа мейрамхана – бұл жаңа жұмыс орындары: біреу үшін алғашқы жұмыс орны болса, енді біреу үшін кәсіби тұрғыда өсіп, менеджер атануға және компания ішінде мансап құруға берілген мүмкіндік", – деп атап өтті Burger King Kazakhstan желісінің бас директоры Алёна Амилаханова.
Мұндай кешендердің өзіндік ырғағы бар: біреулер кофе алу үшін аз уақытқа аялдаса, енді біреулер ұзақ сапар алдында тынығып алады, ал кейбіреулері оны отбасымен толыққанды демалысқа айналдырады. Сол себепті автожанармай құю станциясы, дүкен, тамақтану орны мен қосымша қызметтердің бір арнада тоғысуы өте маңызды. Себебі барлық қажеттілік бір жерде қамтамасыз етілген.