"Ғасыр трансфері!": Роналду мен Месси бір клубта доп тебуі мүмкін

"Интер Майами" футбол клубы қатарына португалиялық жұлдызды қосқысы келеді.  

"Ғасыр трансфері!": Роналду мен Месси бір клубта доп тебуі мүмкін Фото: Getty Images

Клуб басшысы, экс-футболшы Дэвид Бекхэм қазіргі заманның қос мықтысы бір алаңнан, бір клубтан көргісі келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

АҚШ клубы қазіргі уақытта шабуылшының "Әл-Насрдағы" жағдайын мұқият қадағалап отырғанға ұқсайды. Әлбетте, Сауд Арабиясы 5 дүркін "Алтын доп" иесін сақтап қалуға бар күш-жігерін салады. Десе де, жағдай уақыт өткен сайын ушығуда. 

"Интер Майами" үшін Роналдуды қатарға қосу оңай болмайтыны бесенеден белгілі.

Футболшының қаржылық талаптары келіссөздерге айтарлықтай кедергі келтіруі ықтимал. Ең бастысы, ол Мессидің командасына баруға құштар да емес. 

Футболды жаһандық шоу ретінде қабылдайтын Бекхэм бұл трансферді "клубтың ауқымды жобасының логикалық шешімі" деп есептейді. 

Еске салайық, қос аңыз футболшыны бір клубтан көру көптеген жанкүйердің де арманы деуге болады. 

Десе де, Роналдудың өзі "Әл-Насрдан" кете ме, кетпей ме белгісіз. Бірақ, "Интер Майами" ғана емес, португалиялық футболшының әр қадамын күллі әлем жіті бақылап отырғаны айдан анық. Егер де Месси мен Роналду бір клубта доп тепсе, бұл футболсүйер қауым үшін тарихи сәт саналады. Ал Криштианудың АҚШ клубына ауысуы "Ғасыр трансфері" болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу