Гавайиде 550 жылдық табиғи арка мұхитқа құлады

157

Гавайи аралындағы әйгілі Хоулей Си Арч табиғи аркасы Тынық мұхитына құлап, жойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Гавайиде 550 жылдық табиғи арка мұхитқа құлады Фото: nps.gov

Биіктігі 27 метр болатын Хоулей Си Арч аркасы шамамен 550 жыл бойы сақталған.

Табиғи нысан "Гавайи жанартаулары" ұлттық саябағында орналасқан және туристер арасында танымал болған. Арканың нақты қашан құлағаны белгісіз. 23 қыркүйекте ол әлі тұрған, ал 27 қыркүйекке қарай толықтай жойылып кеткен.

Мамандардың болжамынша, арканың құлауына қатты жаңбыр мен биік толқындар себеп болуы мүмкін. Бұл уақытта аралға "Ноло" тропикалық дауылы әсер еткен.

Арка орналасқан жағалау бұған дейін де біртіндеп бұзылып келген. Толқын мен желдің әсерінен жартастар әлсіреген. Сонымен қатар, 2018 жылы Килауэа жанартауы атқылаған кезде болған жер сілкіністері де жағалауға әсер еткен.

Қазір саябақ әкімшілігі туристерді арканың бұрынғы орнына жақындамауға шақырды. Өйткені бұл аумақтағы жартастар әлі де қауіпті және кез келген уақытта құлауы мүмкін.

Хоулей Си Арч ежелгі лава ағынының жел мен су әсерінен мүжілуі нәтижесінде пайда болған. Мамандардың айтуынша, мұндай табиғи аркалар уақыт өте келе бұзылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу