Газ тарту мәселесі бойынша 1 мамырға дейін түкпілікті шешім қажет

2860

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайылов газ тарту жұмыстары ақсап тұрғанын айтып, есеп берген энергетика министрі Болат Ақшолақовты сынады деп жазады inbusiness.kz.

 Газ тарту мәселесі бойынша 1 мамырға дейін түкпілікті шешім қажет Фото: primeminister.kz

Мәселен, Алматы облысындағы Биғаш ауылы он жылдан бері көгілдір отынды күтумен келеді. Түркістан облысындағы кейбір ауылдар да аңсаған газдың қызығын көре алмай отыр. Ал, Батыс Қазақстандағы Зеленое елді мекенінде тек әкімдікке ғана газ тартылыпты. 

"Өңір әкімдері және "ҚазақГаз" компаниясы осы мәселелерді ерекше бақылауға алуы керек. Халықпен етене жұмыс істеп барлық мәселерді шешу қажет. Біз қай нұсқаны назарға алуымыз керек? Энергетика министрі мен "ҚазақГаз"-да әлі нақты жауап жоқ. Бұл мәселенің нүктесін қоятын уақыт жетті. Сондықтан Энергетика министрлігінен "Самұрық Қазынамен" бірлесіп қарастырылып отырған нұсқалар бойынша 1 мамырға дейін түкпілікті шешім қажет", - деді Әлихан Смайылов. 

Ал Энергетика министрі Болат Ақшолақов Оңтүстік пен Солтүстікті көгілдір отынмен қамту үшін 188,5 млрд теңге қаржы сұрап отыр.

Бұл қаражатқа "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін "Сарыарқа" магистральдық газ құбырының 2, 3-ші кезеңдерін салынатынын алға тартып отыр.

Ал шығыс өңірлерді газбен қамту үшін министр Үкіметке екі түрлі жолмен жүруге болатынын айтты. 

"Біріншісі, "Қостанай-Астана-Павлодар-Семей-Өскемен" бағыты бойынша газ құбырын салу, бұл қомақты қаражат салуды (2022 жылғы бағамен шамамен 778 млрд. теңге), салынған инвестициялардың өтемділігін қамтамасыз ету үшін тұтынушыларға газ тарифтерін ұлғайтуды, сондай-ақ газ кен орындарының жаңа ресурстарын игеруге тартуды талап етеді" - дейді Болат Ақшолақов. 

Ал шенеуніктің екінші ұсынысы ақшаны үнемдейді екен. Ол үшін Ресеймен серіктестікті ұлғайту керек. 

"Бүгінгі таңда "ҚазақГаз" Газпроммен бірлесіп "Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы" халықаралық газ құбырын салу мәселелерін зерделеу үшін алдын ала ТЭН әзірлеу мәселесін пысықтауда" - деді министр өз есебінде. 

Айта кетейік биыл 76 жобаны іске асыруға қазынадан 73,9 млрд теңге қарастырылған, бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елдімекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу