Газада аспаннан тасталған көмек 14 жастағы қыздың үстіне түсіп, мерт қылды

181

Әуеден тасталған гуманитарлық жүк жәшігі жасөспірімнің өмірін қиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Газада аспаннан тасталған көмек 14 жастағы қыздың үстіне түсіп, мерт қылды Фото: Анадолы

Оқиға Газаның орталығында, Нусайрат босқындар лагері маңында болды.

Гуманитарлық көмекті әуеден тастау операциясы кезінде жәшік жерге құлап, Мұхаммед Ид есімді жеткіншек ауыр жарақат алды. Оны дереу Эль-Авде ауруханасына жеткізгенімен, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады.

Дереккөздердің мәліметінше, бұл оқиғада тағы бірнеше палестиналық зардап шеккен, олардың арасында жағдайы ауыр науқастар да бар.

16 шілдеден бері әуеден гуманитарлық жүк жеткізу кезінде осымен 4-ші рет адам өліміне әкелген қайғылы жағдай тіркеліп отыр.

Израильдің Газа секторына қойған блокадасы салдарынан өршіген гуманитарлық дағдарыс жағдайында бірқатар мемлекеттер көмек көрсетудің осындай – әуеден тастау – әдісін қолдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу