Газа секторындағы қақтығыстан қаза болғандар саны 72 мыңнан асты

121

Анклавқа шабуылдар әлі де жалғасып жатыр.

Газа секторындағы қақтығыстан қаза болғандар саны 72 мыңнан асты Фото: Khamis Al-Rifi/Reuters

Израиль армиясының Газаға жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 72 263 адамға жетті. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль әскерінің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан 171 944 адам жарақат алды.

2025 жылғы 10 қазанда жасалған атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, Палестина анклавындағы әскери іс-қимыл жалғасып жатыр. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Рамазан айы басталғалы аймақтағы ауруханаларға жарақат алған 30 адам жеткізіліп, 9 адамның қаза тапқаны тіркелген.

Израиль шабуылдары салдарынан 687 адам көз жұмды. Тағы 1 845 адам түрлі жараланды. Сонымен қатар, қираған ғимараттардың үйінділері астында мыңдаған адамның мәйіті жатыр. Олардың ішінде атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен кейін қаза тапқан 756 адамның денесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу