Газада Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 62 мың адамға жетті

267

Израильдің 7 қазаннан бергі әскери әрекеттері салдарынан қаза тапқандар саны 61 897-ге жетіп, жараланғандар 155 мыңнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Anadolu Ajansı басылымына сілтеме жасап.

Газада Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 62 мың адамға жетті Фото: Anadolu Ajansı

Сектордағы гуманитарлық жағдай күн сайын ушығып барады. 16 тамыз күні ғана 70 адамның мәйіті мен 385 жаралы ауруханаларға жеткізілген.

Израиль әскері бұған дейін 19 қаңтарда жасалған бітім шартын бұзып, 18 наурыздан бері бірнеше мәрте шабуыл жасаған. Соның салдарынан қосымша 10 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 43 мыңнан аса адам жараланды.

Гуманитарлық көмек алу кезектеріне де соққы жасалып отыр. Соңғы тәулікте мұндай пункттерде 26 адам қаза тауып, 175-і жараланған. Жалпы 27 мамырдан бері қаза тапқандар – 1924, жараланғандар – 14 288 адам.

Тағы бір күрделі мәселе – аштық. Шекараның жабылуы мен азық-түліктің жетіспеуі салдарынан соңғы тәулікте 11 адам, соның ішінде 1 бала көз жұмды. Аштықтан қаза тапқандардың жалпы саны – 251 адам, оның ішінде 108 бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу