Марқұмдардың арасында балалар мен қарттар бар.
Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, азық-түлік қоры таусылып, гуманитарлық көмектің жетуі өте баяу. Көптеген отбасы бірнеше күн бойы бір мезгіл ғана тамақтанып отыр. Балаларда анемия мен сусыздану жиілеп кеткен.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа тұрғындарына азық-түлікті жеткізу үшін қауіпсіз дәліз ашу қажеттігін қайта еске салды. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар да шұғыл әрекет етуге шақырып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, соңғы айда аштықтан көз жұмғандардың саны күрт артқан. Дәрігерлер егер жағдай өзгермесе, бұл көрсеткіш одан әрі өсуі мүмкін екенін ескертеді.