Газадағы тұрақтандыру күштеріне 5 елдің әскері тартылады

97

Оның ішінде Қазақстан да бар. 

Газадағы тұрақтандыру күштеріне 5 елдің әскері тартылады Фото: AFP

Газадағы Халықаралық тұрақтандыру күштерінің (ISF) қолбасшысы жаңадан құрылып жатқан қауіпсіздік құрылымында қызмет ету үшін бес ел әскер бөлетінін айтты. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Генерал-майор Джаспер Джефферс Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі. Ол Индонезия, Марокко, Қазақстан, Косово және Албания әскерін жіберетінін, Мысыр мен Иордания полиция күштерін даярлаумен айналысатынын жеткізді. Бұдан бөлек Индонезияның күштер қолбасшысының орынбасары қызметін қабылдағаны белгілі болды.

"Алғашқы қадамдардың арқасында Газада қауіпсіздік орнап, тұрақты даму мен ұзақ мерзімді бейбітшілікке жол ашылады", – деді Джаспер Джефферс.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан Газа секторын қалпына келтіруге қолдау көрсетуге дайын екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу