Геннадий Головкин 2026 жылға арналған жоспарын айтты

World Boxing басшысы биылдан көп үміт күтеді. 

Геннадий Головкин 2026 жылға арналған жоспарын айтты Фото: kursiv.media

GGG аталған ұйымының президенті болып 2025 жылдың соңында сайланған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған дейін Головкин аталған World Boxing ұйымның Олимпиадалық комиссиясын басқарды. 

– Мен сөзден гөрі іске жақын адаммын. Осы жылы ұйым мүшелерінің барлығымен тұрақты байланыста болып, тығыз әрі нәтижелі жұмыс істеуді мақсат етемін. Бірлесе отырып, World Boxing-тің орнықты әрі табысты болашағына берік негіз қалаймыз деп сенемін. Баршамызға бірлігі мығым, нәтижелі 2026 жыл тілеймін. Бұл қарқынды еңбек, нақты ілгерілеу мен ортақ жетістіктер жылы болуы тиіс, – дейді Головкин. 

Даңқты боксшының сөзінше, World Boxing үшін спортшылар басты құндылық саналады. Ұйым алдағы уақытта да спортшыларды қолдауды жалғастыра береді. Олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше мән бермек. Әрі спортшылардың физикалық және психологиялық саулығы, консультативтік және өкілдік құрылымдарға толыққанды қатысуы да назардан тыс қалмайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу