Геннадий Головкин ХХІ ғасырдың ең үздік боксшыларының үштігіне енді

2320

Give Me Sport басылымы ХХІ ғасырдың ең үздік 50 боксшысының рейтингін жасады.

Геннадий Головкин ХХІ ғасырдың ең үздік боксшыларының үштігіне енді

Бірінші орынды сегіз салмақ дәрежесі бойынша Әлем чемпионы атанған филиппиндік Мэнни Пакьяо иеленді. Америкалық Флойд Мейвезер екінші орынға ие болса, ал қазақстандық Геннадий Головкин үздік үштіктің қатарынан табылды. Ал мексикалық Сауль "Канело" Альварес тек 6-сатыға жайғасты.

Сондай-ақ орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (54-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жегі туралы өз пікірімен бөлісті. Бұған дейін GGG трилогияға дайын екенін айтқан болатын. Өз кезегінде "Канело" үшінші жекпе-жекті өткізуге келісім берді.

"Альварес бүкіл әлемге біздің үшінші жекпе-жегіміз туралы өзінің пікірін білдірді. Ол ең жақсы ұсынысты күтіп жүргенін ашық айтты. Бұл ол үшін өте маңызды. Сондықтан егер екеуміз де өзіміздің талаптарымызға сай келетін ұсыныс алсақ, онда үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін", - деді Головкин The Athletic басылымына берген сұхбатында.

Ал екінші орта салмақта WBA Super және WBC титулын иеленген мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) IBF және IBO нұсқалары бойынша орта дивизиондағы чемпион Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) үшінші жекпе-жек туралы туралы оң пікір айтты, - деп хабарлады ESPN KnockOut.

"Головкинмен үшінші жекпе-жек? Егер жанкүйерлер сұраса, біз оны өткіземіз", - деді Канело.

Бұл жекпе-жек 2021-жылдың ең жарқын жекпе-жектерінің бірі болмақ. Естеріңізге сала кетсек, 19-желтоқсанда АҚШ-та Головкин (41-1-1, 36 КО) әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап, польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу