Геннадий Головкин IBA-ға қарсылығын ерекше әдіспен білдірді

Оқиға Астана қаласында өткен Әлем кубогы аясында болды. 

Геннадий Головкин IBA-ға қарсылығын ерекше әдіспен білдірді Фото: instagram/gggboxing

Онда атақты боксшы жанкүйер ұсынған IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) логотипі бар қолғапқа қол қоюға қарсылық танытты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желі қолданушылары Геннадий Головкин бұл әрекеті арқылы аталмыш ұйымға қатысты ұстанымын білдіргенін жарыса жазуда. Яғни, ол IBA-ны қолдамайды және қазіргі уақытта беделді халықаралық қауымдастық мойындаған жаңа құрылым – World Boxing ұйымы жағында екенін ашық көрсетіп отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) IBA-ның ішкі басқару дағдарысы мен қаржылық ашықтықтың жоқтығына байланысты ұйымды Олимпиада бағдарламасынан шеттеткен еді. Осыдан соң АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Қазақстан сынды алдыңғы қатарлы бокс державалары IBA құрамынан шықты, әрі оны тәуелсіз және жаңа ұйым – World Boxing-пен алмастыру туралы шешім қабылдады. Бұл ұйым Олимпиадалық бокс спортын сақтап қалу мақсатында құрылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу