Геннадий Головкин Моңғолия Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысымен кездесті

125

Моңғолия Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысымен кездесу аясында Моңғолия тарапы Геннадий Головкинге "Алтан Очир" марапатын, ал Әлімжан Ақаевқа мерейтойлық медаль табыстады.

Геннадий Головкин Моңғолия Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысымен кездесті Фото: ҚР ҰОК

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан мен Моңғолия Ұлттық олимпиадалық комитеттері басшылығының кездесуі өтті. Қазақстан делегациясын Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев бастап барды. Ал, Моңғолия тарапынан Чойжгаваагийн Наранбаатар және Бадар-Ууган Энхбат қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, спорт ұйымдары арасындағы серіктестікті кеңейту және меморандумға қол қою мәселелерін талқылады.

Геннадий Головкин өз сөзінде екі ел арасындағы достық пен өзара іс-қимылды нығайтудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ қазақстандық делегация Олимпиадалық музейді аралап, тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу