Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалалық коммитетінің президенті Геннадий Головкин Сауд Арабиясы ҰОК вице-президенті, ханзада Әл Сауд Фахад бин Джалави бин Абдулазиз Әл Саудпен кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты және Сауд Арабиясында өтетін ірі жарыстарға Қазақстан құрамасының қатысуын талқылады. Атап айтқанда:
- 7-21 қараша 2025 – VI жазғы Ислам ынтымақтастығы ойындары (Эр-Рияд);
- 2026 жыл, желтоқсан – Жабық ғимараттардағы және жауынгерлік өнер түрлері бойынша Азия ойындары (Эр-Рияд);
- 2027 жыл – Олимпиадалық киберспорт ойындары (Сауд Арабиясы).
Сапар аясында Сауд Арабиясы делегациясы Астанадағы спорт нысандарын аралап, күрес, дзюдо, таеквондо және жеңіл атлетика бойынша бірлескен оқу-жаттығу жиындарын тамашалады. Қазіргі уақытта 150-ден астам жас спортшы Қазақстанда дайындық жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, Қазақстан және Сауд Арабиясы дзюдо федерациялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, спортты дамытуға бағытталған бірлескен жоспарлар бекітті.
Тараптар бұл серіктестік спортшылардың шеберлігін арттырып, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру мүмкіндігін кеңейтетініне сенім білдірді.