Геннадий Головкин шорт-трекшілерімізді тарихи алтын жүлдемен құттықтады

283

Аты аңызға айналған былғары қолғап шебері, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Харбиндегі қысқы Азия ойындарында спортшыларымызға қолдау көрсетуде. 

Геннадий Головкин шорт-трекшілерімізді тарихи алтын жүлдемен құттықтады Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ол Азия ойындарының эстафеталық жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алған шорт-трек құрамасын құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан және өз атымнан Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Әділ Ғалиахметовті Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қазақстандық шорт-трек үшін әлемдік деңгейдегі кешенді жарыстардағы алғашқы жоғары дәрежелі жүлде және мыңдаған жанкүйер осы тарихи сәттің куәсі болды. Бүгін сіздер жеңіске деген жігерлеріңіздің арқасында лайықты түрде тұғырдың ең биік сатысына көтерілдіңіздер. Көп жылдан кейін Қазақстанның әнұраны Азия құрлығының қысқы додасында қайта шырқалады. Сіздерді осы жеңіске жетелеген бапкерлеріңізге ерекше алғыс айтамын. Бұл жарқын жеңіс – бүкіл ел үшін зор қуаныш. Рахмет, алға, Қазақстан!" – деді Геннадий Головкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу