Геннадий Головкин тағы екі кездесуге шығады

2005

​Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин белбеулерін қорғау үшін тағы да екі кездесу өткізуі тиіс.  

Геннадий Головкин тағы екі кездесуге шығады

IBF және WBА тұжырымдары бойынша белбеуді қорғап қалу үшін орта салмақтағы екі кездесу өтуі керек. Демек, Головкиннің салмағы 72,5 келі салмағында Эскиво Фалькао мен Эрисланди Лараның мүмкіндіктері бар деген сөз. Өйткені бразилиялық боксшымен кездескен соң қазақстандық боксшы кубалық Ларамен кездесуі міндетті. Негізі бастапқыда WBА белбеуін қорғау үшін Головкин кубалық Жрисландимен жұдырық түйістіруі керек еді. Алайда, бұл ұйым уақытты шегеріп, Головкиннің алдымен бразилиялықпен кездескенін қалайды. Егер осы кездесу өтетін болса онда содан кейін жоспарлау жұмыстарына көшеді.

Әзірге бұл кездесудің өтуі жайлы ресми ақпарат жоқ. Нақты мерзімі де айтылмаған. Алайда WBА басшысы Жилберто Мендоса былай деді:

- Жақын арада Головкинге амалсыз екі кездесуге шығуға тура келеді. Мұндай міндеттеме болатынын елдің бәрі біледі. Сондықтан біз, оған қарсылас ретінде алдымен Фалькаоны, сосын Лараны таңдадық. Бұл екеуі де мықты қарсыластар. IBF басшысы Дарвин Пиплз мырзамен бірлесе келе осындай ортақ шешім шығардық. Біздің тарапымыздан Головкинге ешқандай жеңілдіктер жасалмайды. Өйткені осыған дейін біз оның күнтізбесіне ыңғайланып келдік, - деді Жилберто Мондоса.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин белбеулерін қорғау үшін бокс кешін өткізуі тиіс. Оның уақыты әдейі жылжытылды. Себебі, барлығының назары Головкин-Альварес кездесуіне түсті. Сондықтан, осы бой өтуі үшін екі тұжырым да қарағандылық былғары қолғап шеберіне уақыт берген болатын. Енді трилогия аяқталған соң басшылық қайтадан талаптарын орындатуға кіріспекші.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу