Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енуі мүмкін

270

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан Халықаралық бокс даңқ залы мен мұражайы (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) 2026 жылға арналған үміткерлер тізімін жариялады.

Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енуі мүмкін Фото: gggboxing

The Ring басылымының хабарлауынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин "Қазіргі заманғы ерлер" санатында Вернон Форрест пен Стив Коллинзбен бірге тізімге енген. Дауыс беру қорытындысы биыл желтоқсанда белгілі болады.

IBHOF – әлем тарихындағы ең үздік боксшыларды дәріптейтін беделді ұйым. Қазақстаннан әзірге ешбір спортшы мұндай мәртебеге ие болмаған.

Головкин орта салмақта WBC, IBF, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған. Ол кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, тек Сауль "Канело" Альварестен 2 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен. Соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізгенімен, мансабын ресми аяқтаған жоқ.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін және World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу