Георгий Борода-Дудочкин жартылай финалда жеңіліп қалды

286

Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жартылай финал аяқталды.

Георгий Борода-Дудочкин жартылай финалда жеңіліп қалды Фото: Владислав СЕМЕНОВ

Отандасымыз Георгий Борода-Дудочкин А тобының жартылай финалында сынға түсіп, 1452 ұпай жинады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өкінішке қарай, қазақстандық топта үздік 9 атлеттің қатарына кіре алмай, финалға шыққан жоқ. Георгий үшін ойындар осымен аяқталды.

Ұлттық құрама спортшысы конкурда 300 ұпай жинап, 5-орыннан көрінді. Сондай-ақ бүгін семсерлесуден бонус-раундта сынға түсіп, бұл спорттағы жалпы ұпай санын 177-ге жеткізді.

Осыдан кейінгі 200 метрге еркін әдіспен жүзуде 294 ұпайға қол жеткізді. Шешуші сын жүгіріп, нысана көздеуде 681 ұпай жинады.

Көш басындағы мысырлық Ахмед Елгенди Олимпиада рекордын тіркеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу