Оның айтуынша, қазіргі әрекеттердің нақты нәтижеге жеткізетініне сенім аз, әрі ұзаққа созылатын дағдарыс қаупі жоғары.
– Мен Израиль мен АҚШ-тың қазіргі қадамдары табысқа жеткізетініне сенімді емеспін. Нақты әрі тұрақты стратегия бар ма, ол қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатыр – бұл да күмән тудырады, – деді Мерц.
Сондай-ақ, екі елдің қақтығысқа барған сайын терең араласып жатқанын атап өтті. Канцлердің пікірінше, жағдайдың жақын арада тұрақталуы екіталай.
– Бұл ұзаққа созылуы мүмкін және айтарлықтай өзгеріс болмауы ықтимал, – деді ол.
Бұдан бөлек, Мерц Иран-дағы билікті әскери жолмен өзгерту мүмкіндігіне де күмән білдірді.