DW басылымының жазуынша, бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әсіресе, 6-11 айлық ерікті әскери қызмет пен 12-23 айға арналған қысқа мерзімді қызметке қызыққандар саны азаймай тұр. Германия Қорғаныс министрлігі мұндай сарбаздар саны бір жылда 15%-ға өсіп, 13 400 адамға жеткенін мәлім етті.
2026 жылдан бастап елде әскери қызметті реттейтін жаңа заң күшіне енген болатын. Осыған сай, 18 жастан асқан барлық азаматқа медициналық тексеруден өту туралы хат жолданады. Бұл олардың әскери қызметке жарамдылығын не жарамсыздығын анықтау үшін керек.
Қазіргі уақытта Бундесверде 186 200 сарбаз қызмет етеді, бұл 2025 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 3600 адамға көп. Басқа елдерден төнген қауіп аясында Германия үкіметі 2030 жылдардың ортасына қарай әскер санын 260 мыңға дейін жеткізуді жоспарлаған. Сонымен қатар, резервтегі әскер санын 200 мыңға дейін арттыру көзделіп отыр.
Жалпы, Швед зерттеу институты SIPRI мәліметінше, Германия жер-жаһанда қару-жарақ экспорттаушылар арасында 4-орында тұр.