Германия дағдарысқа ұшыраған жағдайда 55 млрд доллар бөлмек

3671

Германияның қаржы министрі Олаф Шольц ел экономикалық дағдарысқа ұшыраған жағдайда, 55 млрд доллар жинай алатынын айтты. 

Германия дағдарысқа ұшыраған жағдайда 55 млрд доллар бөлмек

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. 

Шольц мұндай жағдайдың болмайтынына сенім білдіріп отырғанмен, әлемдік нарықтағы жағдай Ангела Меркель үкіметін теңдестірілген бюджет саясатын өзгертуге мәжбүр етуі мүмкін. Өйткені ел экономикасының екінші тоқсандағы өсімі қысқарып, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы ушығып барады. 

Шольцтың айтуынша, он жыл бұрын болған дағдарысты еңсеру үшін Германия 50 миллиард еуро жұмсаған. 

"Біз тиісті соманы жинай алуымыз керек. Біз жинай аламыз. Бірақ ең негізгі мәселе – қытайлықтар мен америкалықтардың текетіресі", – деді ол. 

Айта кетейік, неміс экономикасының өнімі екінші тоқсанда 0,1 пайызға азайып кеткен. Тіпті кейбір сарапшылар Германия рецессия алдында тұр дегенді айтып отыр. 

Өткен аптада Ангела Меркель экономиканың қиын кезеңге өткенін және үкімет нарықтағы жағдайға байланысты шара қолданатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол әзірге салықтық-бюджеттік ынталандырудың қажеті жоқ екенін тілге тиек етті. Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Германияның ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік қарызы 60 пайызға азайған.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу