Германия гипердыбыстық қару әзірлеуді жоспарлап отыр

143

Бұл туралы BILD жазды.

Германия гипердыбыстық қару әзірлеуді жоспарлап отыр Фото: VIDA PRESS

Германия үкіметі Ұлыбританиямен бірлесіп, 2000 шақырымнан астам қашықтықтағы нысандарды жоюға қабілетті жаңа жоғары дәлдіктегі қаруды әзірлеуге ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Басты мақсат – Еуропаның қорғаныс қабілетін нығайту және алысқа ұшатын қару саласында АҚШ-қа тәуелділікті азайту. 9 қарашада Берлинде бұл мәселені Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус пен оның британиялық әріптесі Уэс Стритинг талқыламақ. Politico басылымы ГФР Қорғаныс министрлігінің ішкі құжаттарына сілтеме жасап хабарлағандай, бірден екі жаңа қару-жарақ жүйесін жасау көзделген. Бұл ретте Ұлыбритания жаңа зымыранды әзірлеуді өз мойнына алады. Ол төмен биіктікте ұшуы тиіс, осылайша оны қарсыластың радиолокациялық жүйелеріне байқау қиынға соғады. Жаңа қару түрін 2032 жылға қарай енггізу жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Германия гипердыбыстық қаруды жасайды. Жоспарға сәйкес, зымыран алдымен гипердыбыстық қалықтаушы аппаратты үлкен биіктікке көтереді. Содан кейін аппарат зымыраннан бөлініп, дыбыс жылдамдығынан бірнеше есе асатын жылдамдықпен нысанаға қарай ұшады. Егер жұмыс кестесі жүзеге асса, Бундесвер бұл жүйені 2035 жылға қарай алады. Еуропалық MBDA қорғаныс концерні мен германиялық-британиялық Hypersonica стартапы 2029 жылға қарай эксперименттік нұсқаларын әзірлеуі тиіс.

Politico жазуынша, Германияның бюджеттік құжаттарында бұл қаруға болашақта 9 миллиард еуродан астам қаражат бөлу көзделген. Ұлыбритания төрт жыл ішінде өзінің зымырандық бағдарламасына шамамен 900 миллион еуро бөлуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу