Германия канцлері Ресей президентіне маңызды үндеу жасады

324

Германия Украинаға қолдауын жалғастыруға ниетті. 

Германия канцлері Ресей президентіне маңызды үндеу жасады Фото: BILD

Германия канцлері Фридрих Мерц Украина астанасындағы әуе дабылы кезінде камералар алдына шығып, Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

"Путин мырза, бұл мағынасыз соғысты тоқтатыңыз! Оны аяқтау туралы келіссөздер жүргізуге, бір-бірімізбен сөйлесуге дайынбыз. Украинаның бейбіт халқына жасалған шабуылдар тоқтатылуы тиіс", – деді Фридрих Мерц.

Германия канцлері мен Украина президенті Владимир Зеленский осыдан бірнеше күн бұрын ғана шабуыл жасалған Ғылым академиясын аралап көрді. Мерцтің сапары күні Ресей әскері Киевтегі көпірге және басқа да нысандарға соққы берген. Бір күн бұрын Мәскеу шетелдіктер мен дипломаттарға қауіп төніп тұрғанын тікелей ескертіп, оларды Украина астанасынан кетуге шақырған болатын. Бірақ Мерц Фридрих аймаққа келді.

Канцлер Германияның Украинаға қолдауын жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Басылымның мәліметінше, Германия Украинаға құны 1 миллиард еуродан асатын әскери көмектің кезекті пакетін беруді жоспарлап отыр. Оның құрамына қару-жарақ, жауынгерлік дрондар мен байланыс құралдары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу