Германияда Хэллоуин кәмпитінен ине мен болт табылды

Tagesschau порталы Фильдерштадте-Бонландене қаласындағы екі отбасы вафлилерлен инелер тапқанын жазады.

Германияда Хэллоуин кәмпитінен ине мен болт табылды Фото: tierpark-berlin.de

Сол секілді, Германияның оңтүстік-батысындағы Баден-Вюртемберг жеріндегі екі қала Хэллоуин мерекесі кезінде балаларға берілген кәмпиттердің кейбірінен бөгде металл заттар табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Баварияда кейбір шайнайтын кәмпиттер мен шоколадтардан бұрандалар байқалса, Нюрнберг пен Нойбургте балалар бірнеше рет шоколадтан ине көрген. 

Ата-аналар полицияға болған жағдайды хабарлаған, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Полиция ата-аналарға қатаң ескерту жасап, балаларға кез келген тәттіні жемес бұрын мұқият тексеруді ұсынды.

Германияның кейбір қаласындағы тұрғындар осыған ұқсас оқиғалар туралы хабарлады. Бірақ олар расталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу