Қазіргі таңда Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыс барысында Қазақстан құрамасының өкілі Арина Малиновская 50 метр қашықтықтан үш қалыпта пневматикалық винтовкамен ату сайысында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.
Шешуші кезеңде қазақстандық спортшы сегізінші орынды иеленді.
Бұл бағдарламада жеңісті Норвегия өкілі Жанетт Хегг Дуэстад жеңіп алды. Күміс медаль Ұлыбритания спортшысы Шонейд Макинтошқа бұйырса, қола жүлдені Германиядан Анна Янссен еншіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу