Германияда соғыс кезінде жоғалған құнды жәдігер 81 жылдан кейін табылды

317

Коллекционерге өтемақы төленген.

Германияда соғыс кезінде жоғалған құнды жәдігер 81 жылдан кейін табылды Фото: Bild

Германияда Потсдам қаласындағы жаңа сарайға 81 жыл бойы жоғалды деп есептелген француз суретшісі Шарль Лебреннің "Қасиетті отбасы" картинасы қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  BILD-ке сілтеме жасап.

Туынды шамамен 1655 жылы салынған. Арада бір ғасырдай уақыт өткенде оны прусс королі болған Ұлы Фридрих сатып алған.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында картина Бранденбургтегі Райнсберг сарайына көшіріліп, 1945 жылдың жазында жоғалып кеткен. Араға жылдар салып, 2021 жылы туынды Берлиндегі шағын аукциондардың бірінен табылды. Оны сатып алған канадалық коллекционер картинаның шығу тарихын өз бетінше зерттеп, ақыры оны Потсдамға қайтаруға ниет білдірген.

Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Прусс сарайлары мен бақтарының достары қоғамы және Эрнст фон Сименс көркемсурет қоры картина иесімен ортақ мәмілеге келді. BILD басылымының жазуынша, коллекционерге бірнеше жүз мың еуро көлемінде өтемақы төленген. 17 қарашадан бастап құнды жәдігер Потсдамдағы Жаңа сарайда қайтадан көпшілік назарына ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу