Питер Гаувайлер сұхбатында Копенгаген Дональд Трамптың мәлімдемесіне байыппен қарауы керек екенін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Давоста АҚШ-тың Гренландияға талаптары туралы талқылау барысында Германияның бұрынғы министрі және ХСС өкілі Питер Гаувайлер аралды 1 триллион долларға сатуды ұсынған.
Ол мұндай мәміле Данияға және оның азаматтарына экономикалық пайда әкелетінін, елді Еуропадағы ең бай елге айналдыруы ықтимал екенін айтқан. Саясаткердің сөзінше, Гренландия – географиялық тұрғыдан Солтүстік Американың бір бөлігі. Әрі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жүйесі үшін маңызды саналады.
Питер Гаувайлер аралды Копенгагеннен басқару анахронистік болып көрінетінін және қазіргі еуропалық әкімшіліктің принциптеріне сәйкес келмейтінін айтты.
Гренландияның құнын бағалау әрқашан мәселе болып қала бермек. Бұрын АҚШ әкімшілігі бір арал тұрғынына шамамен 100 000 доллар, жалпы алғанда шамамен 5 миллиард долларды ұсынған еді. Десе де, сарапшылар Германиядан 6 есе үлкен аумақтың нақты шығыны 3,7 триллион еуроға жетуі мүмкін екенін жасырмайды.
– Дания ертең өтемақысыз бас тартуы мүмкін жағдайға бүгін орасан зор сома ала алады, – деп қорытындылады Гаувайлер.