"GGG-дің ізбасары" 45 рет шаршы алаңға шыққан боксшымен жұдырықтасады

Виктор Темиров (10-0, 7 KO) орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық спортшы саналады.  

"GGG-дің ізбасары" 45 рет шаршы алаңға шыққан боксшымен жұдырықтасады Фото: Жеке мұрағаттан

BoxRec.com басылымы оның 1 мамыр күні Германияның Гамбург қаласында рингке қайта оралатынын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Боксшының қарсыласы – венесуэлалық Карлос Риверо (32-12-1, 21 KO). Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтеді және 6 раундқа жоспарланып отыр. 

Риверо есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс деуге болады. Ол 2024 жылы Алматыда қазақстандық Әли Ахмедовпен (25-2, 17 KO) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. 

Карлос соңғы жекпе-жегін 28 наурыз күні Сербияның Бор қаласында өткізді. Ол онда жергілікті боксшы Мильян Джорджевичке (22-2, 12 KO) жол берді.

Ал Темиров соңғы рет ақпан айында рингке шығып, германиялық Доменик Арнольдты (5-1, 2 KO) сұлатып, орта салмақта WBF чемпионы атағын жеңіп алды. 

Еске салайық, Виктор Темиров кәсіби рингте "Қасапшы" деген лақап атқа ие. Қазақстандық боксшыны неміс жанкүйерлері атақты жерлесі Геннадий Головкинмен жиі-жиі салыстырады және GGG-дің ізбасары ретінде таниды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу