Гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азия ойындарында үздік бестікке кірді

194

Қазақстандық гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей көпсайыстың финалдық кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азия ойындарында үздік бестікке кірді Фото: Владислав Семенов

Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева 108,000 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 28,900, доппен 27,300, ұршықтармен 25,200, таспамен 26,600 ұпай жинады.

Айбота Ертайқызы финалда 106,200 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 27,250, доппен 26,450, ұршықтармен 25,700 және таспамен 26,800 ұпай еншіледі.

Алтын медальді 112,950 ұпай жинаған Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова жеңіп алды. Қытай гимнастары Ван Ци (110,050) күміс, Ван Цзылу (109,200) қола жүлдеге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу